Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025 жылдың 30 сәуір күні тарих пәнінің мұғалімдері Баккелдиева Айгүл, Кучкарбекова Жанардың ұйымдастыруымен қаламыздағы Отан қорғаушылар монументі және батырлардың ескерткіштеріне оқушылар мен бірге гүл шоқтарын қойды. Пән мұғалімдері оқушыларға батырлардың өмірбаяндарын тілге тиек етіп, мәліметтер берді.

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне гүл шоғын қоюдың мақсаты:

1. Ардагерлердің ерлігін ұлықтау:

- Жеңіс жолында жанын қиған батырларды еске алып, олардың отансүйгіштік рухын құрметтеу.

- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктер мен қайсарлықты жас ұрпаққа үлгі ету.

2. Тарихи жадымызды сақтау:

- Өткенді ұмытпай, болашаққа сабақ ету.

- Ұлы Жеңіс күнінің маңызын жас буын санасына сіңіру.

3. Рухани тәрбие беру:

- Оқушыларды патриотизмге, елін, жерін қорғаған азаматтарды қадірлеуге тәрбиелеу.

- Ата - баба аманатына адал болуға баулу.

4. Қоғамдық бірлік пен тағзым көрсету:

- Барша халықтың соғыс ардагерлеріне деген ортақ құрметін білдіру.

- Ел тыныштығы мен бейбітшіліктің қадірін ұғындыру.

Бұл шара - тек дәстүр емес, бұл - тарих алдындағы борыш, ұрпақ алдындағы аманат.