Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің кәсіби бағдар беруші – педагог А.Жұмаділ «Жұмысшы мамандықтар жылы» іс шаралар жоспарының тармақтарын орындау мақсатында «Ер дәулеті – еңбек », «Еңбекпенен ел көгерген » тақырыбында Арыс мұражайына 2025 жылы 21 күні 7 «А » сынып оқушыларымен бірге экскурсия ұйымдастырылды.
«Еңбекпенен ел көгерген» тақырыбындағы мұражайға саяхаттың мақсаты:
- Оқушыларға еңбектің қадірі мен маңызын түсіндіру;
- Еңбек адамдарына құрмет сезімін қалыптастыру;
- Ұлттық еңбек мұрасын таныстыру арқылы тарихи-мәдени танымын кеңейту;
- Өз мамандығына, кәсіби бағдарға қызығушылық ояту;
- Мұражайдағы жәдігерлер арқылы еңбекке баулу, патриоттық сезім қалыптастыру.
Арыс қаласының мұражай экскурсаводы Садықова Мейрамкүл Нұрбергенқызы оқушыларға Арыс қаласынан шыққан еңбек ардагерлері, еңбек әулеттерінің жетістіктері мен табыстары жайында және мұражайдағы жәдігерлермен таныстырып шықты