Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

"Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19 желтоқсан күні физика онкүндігі аясында 7 "Б" сыныбына физика пәні мұғалімі Избасарова Динара ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: Бір түзу бойымен денеге әрекет ететін күштерді қосу.
Оқу мақсаты: 7.2.2.9 – денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексереді.
Үй тапсырмасын "Тарсия" әдісімен сұрап, қорытындылау мақсатында экранға суреттер шығарады, оқушылар суреттің физикалық мағынасын ашып, күнделікті өмірмен байланыстырды.
Жаңа сабақ "Ойлан, топтас, бөліс" әдісі арқылы жүзеге асты, оқушыларға қосымша материалдар берілді және уақытылы орындап, постер қорғады, бағалау өз уақытында жүргізілді. "Айналмалы бекет" әдісі арқылы есептер шығарылып, деңгейлік тапсырмалар арқылы қорытындыланды.