Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп " коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К. Турегельдиеваның ұйымдастыруымен 24 ақпан мен 7 наурыз аралығында "Тарих- ғасырлар куәсі,
Жаратылыстану - ғажайыптар әлемі" тақырыбында Тарих, география, биология, химия пәндерінің онкүндігі барысында 28. 02. 2025ж күні Бақкелдиева Айгүл 5 "Ә" сыныбында тарих пәнінен ашық сабақ өтті.
Тақырыбы: "Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы"
Сабақтың мақсаты: 5. 3. 2. 2
Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасы анықтау;
Үй тапсырмасын "Домино" әдісі арқылы сұрады. Жаңа сабақты Қаңлылар туралы бейнебаян көрсетіп, қосымша мәліметтер бере білді.
І тапсырма
Топтық жұмыс "Конверт сұрақ" әдісі
3 топқа тапсырма беріледі.
1. Қаңлылар туралы деректер
2. Қоғамдық құрылысы
3. Қаңлылардың археологиялық ескерткіштері
Бұнда әр топтан 2 оқушы шығып қорғады.
ІІ тапсырма
Жұптық жұмыс. "Координаттар жүйесі" әдісімен жұптасып орындады.
ІІІ тапсырма. "Ақиқат Жалған" әдісі бойынша жеке жұмыс орындалды.
Мұнда оқушылар жеке - жеке жұмыс дәптеріне орындады. Сабақты
"Сен білесің бе?" әдісі бойынша сабақты қорытындылап, оқушылардан кері байланыс алды. Үйге тапсырма: Қаңлылар туралы мәлімет жинау Сабақ мақсатына жетті.