Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Цифрлық әлемде - қауіпсіз қадам
"Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ "Біртұтас тәрбие " бағдарламасы аясында «Цифрлық әлемде - қауіпсіз қадам» жобасы аясында 7 А сынып жетекшісі Рахматла Назерке "Қаржылық қауіпсіздік" тақырыбында қауіпсіздік сабақтарын өткізді.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды "дроппер" ұғымымен таныстыру, бұл әрекеттің қаншалықты қауіпті екенің түсіндіру және оқушыларды алаяқтық схемаларға қатысу әрекеттерін тануға үйрету. 
Интернеттегі қауіптер (алаяқтық, кибербуллинг, жеке мәліметті ұрлау, вирустар) бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Қаржылық қауіпсіздік» туралы бейнеролик көрсетіп, талдау жасалды. Оқушылар сабақта -дропперлар деген кімдер? Неліктен бұл қауіпті деген сұрақтарға жауап алды
«Пікірталас» бөлімінде кибершабуылдан қорғану үшін қандай шаралар қолданасыз? Егер сіз кибербуллингтің куәсі болсаңыз, не істер едіңіз?» деген тақырыптарда сұхбат жүргізілді.
Сынып оқушылары сауалдарға жауап беріп, желідегі қауіпсіздік туралы көзқарастарын ортаға салды. Сабақтың соныңда қорытынды жасалып, кері байланыс берілді.