"Арыс қалалсының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 - 2025 оқу жылы.
«Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс - шарасы, темір, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу бойынша Арыс 1 ст. ЖПБ ӘПб - нің аға инспекторы полиция майоры Б Акмулдаев, Арыс 1 ст. ЖПБ ӘПб - нің инспекторы полиция капитаны Қ. Балхибеков жоғары сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Профилактика күніне орай темір жол аймағында оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында темір жол қауіпті аймақ екендігі бойынша қауіпті аймақтарға тоқталып өтті. Оқушылардың аспа көпір арқылы өту керектігі, сонымен қатар, вагондардың үстіне шықпау, жолаушылар поездарына тас лақтырмау керектігі, темір жол вагондарындағы түрлі түсті метал бөлшектері ұрлықтары бойнша ұрлықтың алдын алу жөніндегі мәселелер оқушыларға қатаң түрде ескертілді.