Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Арыс қаласының "Білім бөлімі ММ "Арыс жалпы білім беретін мектеп " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен 24 ақпан мен 7 наурыз аралығында " Тарих- ғасырлар куәсі, Жаратылыстану -ғажайыптар әлемі" тақырыбында Тарих,география, биология,химия пәндерінің онкүндігі барысында 3.03.2025ж күні Асқарбеков Тұрмахан 6" Б" сыныбында тарих пәнінен ашық сабақ өтті.
Тақырыбы: "Қазақ хандығының құрылуы".
Сабақтың мақсаты: 6.3.1.9 Казақ хандығының құрылуының тарихи маңызын анықтау;
6.3.3.9 М. Х. Дулатидің " Тарихи - Рашиди" еңбегінің маңыздылығын түсіну;
Үй тапсырмасын "Кім жылдам" әдісімен сұрақ-жауап арқылы сұрады. Жаңа Қазақ хандығының құрылуы туралы бейнеролик көрсетті..Қазақ хандығының құрылуы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырды.Оқушыларға мәтінмен жұмыс беріп, 3 топқа "Құпия сұрақ әдісі" арқылы 
1. Қазақ хандығының құрылу барысы 
2. Қазақ хандығының аумағы мен халқы 
3. Қазақ хандығының ішкі саясаты
Бұл жерде әр топтан 2,3 оқушы шығып берілген тапсырманы орындады.
ІІ тапсырма "Ойлан,жұптас,бөліс" әдісі арқылы жұптық тапсырма берілді.
ІІІ тапсырма "Ақиқат жалған" әдісі арқылы жеке жұмыс орындалды.Сабақты сәйкестендіру арқылы қортындылап, оқушылардан "Бағдаршам" әдісі арқылы кері байланыс алды. Үйге тапсырма: Қазақ хандығының құрылуы туралы қосымша мәліметтер жинау. Сабақ мақсатына жетті.