«Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Құқық бұзушылықтың алдын - алу және оны болдырмау» тақырыбымен 2025 жылдың 20 қаңтар күні 8 - 11 сыныптың ұлдары арасында кездесу өтті.
Мақсаты:
- Құқықбұзушылықтың алдын - алу, мектептің ішкі тәртібін сақтау, ережесін ұстану;
- Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жол және өмір қауіпсіздігі туралы;
- Кешкі мезгілде сағат 22.00 ден кейін көшеге шықпауы, үй - жайдан тыс кафе, бар, ойын - сауық орталығында жүрмеуі.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Арыс АПБ - нің ЖПҚ КТІЖ аға инспекторы полиция капитаны А.Жәнібеков, Б.Раев, Арыс АПБ - нің ЖПҚ КТІЖ УПИ аға лейтенанты Ж.Таттыбеков, ДТЖЖО М.Жандарбеков, У.Ахметова сөз алып, түсіндірме ақпарат жүргізді, хаттамасы түзілді.
Жауапты: ДТЖЖО М.Жандарбеков