«Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық - зомбылықтың, қорлаудың, қудалаудың балалар ортасында мектептегі атыстардың алдын - алу» тақырыбымен 2025 жылдың 17 қаңтар күні 8 - 11 сынып оқушылары арасында кездесу өтті.
Мақсаты:
- Құқықбұзушылықтың алдын - алу, мектептің ішкі тәртібін сақтау, ережесін ұстану;
- Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жол және өмір қауіпсіздігі туралы;
- Кешкі мезгілде сағат 22.00 ден кейін көшеге шықпауы, үй - жайдан тыс кафе, бар, ойын - сауық орталығында жүрмеуі.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Арыс АПБ - нің ЖПҚ КТІЖ аға инспекторы полиция капитаны А.Жәнібеков, Б.Раев, Арыс АПБ - нің ЖПҚ КТІЖ УПИ аға лейтенанты Ж.Таттыбеков, ДТЖЖО М.Жандарбеков сөз алып, түсіндірме ақпарат жүргізді, хаттамасы түзілді.
Жауапты: ДТЖЖО М.Жандарбеков