"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру мақсатында қаңтар айының жұмыс жоспарына сәйкес, 23.01.2025 ж күні “Арыс жалпы білім беретін мектеп” КММ - де 8 - 11 сынып қыздары арасында “Қыз намысы - ұлт намысы” атты жиналыс өтті. Мақсаты: қыздарды ұлттық салт - дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз баланы гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету; өн бойларын, ой - өрісін дөрекі қылықтардан сақтандыру; инабатта, ибалы болып өсуге баулу.
Жиналыс барысын мектебіміздің мейірбикесі Ғ. Қалымбетова, педагог - психолог Ж. Спакешовв, ДТЖЖО м.у.а У. Ахметова жүргізіп отырды.