#Біртұтас_тәрбие
"Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп " КММ - де 15.10.2024 күні "Қызды қырық үйден тыю" тақырыбында репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша бірлесіп түсіндіру іс-шарасы өтті. Іс-шараға жауапты мамандар : " Орталық емхана" акушер-генекологы Кеңес Ардақ, әлеуметтік маман Дүйсебаева Анар Мұратқызы, психолог С.Бектасова қатысып, 8-11 сынып қыздарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Мақсаты : Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, аутодеструктивті мінез құлықтың, тәуелділіктің алдын алу және отбасылық құндылықтарды ілгерілету.