Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпазы.
2025 жылдың 5-8 қаңтар күндері облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші облыстық кезеңінде Арыс қаласының Білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 сынып оқушысы Қайрат Заңғар география пәнінен қатысып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды және биылғы жылдың алғашқы жеңістерін қоржынға салды.
Мектеп директоры Е. Кушкарбеков Заңғарды жүлделі орнымен құттықтап, алдағы уақытта білімдерін одан әрі шыңдап, асқақ биіктерден көрінуіне тілектестік білдірді.
Пән мұғалімі – педагог-сарапшы, білікті де білімді ұстаз, талай шәкірттердің білім саласында биіктен көрінуіне үлесін қосып жүрген Күрманалиева Күнсұлуды шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларыңыздың алар асуы биік болсын!
Осындай мектебіміздің мақтанышы болып жүрген оқушылар мен ұстаздарымыздың қатары көбейе берсін!