Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес сынып жетекші У. Ахметова 9 «А» сынып оқушыларымен қауіпсіздік сабағы: «Буллингтен қорғану», «Жанжалдың нәтижесі үшін жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларға буллинг және зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы елімізде заң бар екенін айту; оқушылар арасында қақтығыс орын алған жағдайда жеке жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіру; жанжалды жағдайларды бейбіт жолмен шешуге үйрету.