Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапхана меңгерушісі А. Пердебекова 14.01.2025 жылы «Қазақ әдебиетіне – 90 жыл» тақырыбында 8 «А» сынып оқушыларына таныстырылым сабағын өткізді.

Мақсаты:

  • Ғасырға жуық тарихы бар қазақтың қара нары бола білген «Қазақ әдебиеті» газетінің маңызы мен мәні туралы;
  • Газетті жарыққа шығаруға атсалысқан қазақтың біртуар арда азаматтарының жасаған еңбектерін насихаттау;
  • Оқушылардың мәдениетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөз өнерін қадірлеп, бағалай білуге тәрбиелеу.

Таныстырылым сабағында газеттің тұңғыш редакторы Ғабит Мүсірепов пен жауапты хатшысы Мұхамеджан Қаратаевтың өмірі мен шығармаларынан мәліметтер берілді.

«Қазақ әдебиеті» газетінің жарыққа шығару барысында құрылған ақылдастар алқасының мүшелері, қазақ халқының біртуар азаматтары, қоғам қайраткерлері С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіровтердің ерен еңбектерінен кең көлемде мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, газеттің бүгінгі жанашырлары, редакторлары мен мүшелерімен таныстырылды.

Сынып оқушыларына газет тарихы мен оның шығуына атсалысқан қоғам қайраткерлерінің еңбегі мен жасаған қызметіне құрметпен қарауға және лайықты бағалауға кеңес берілді.