Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«Арыс қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Тілден қымбат қазына жоқ» атты қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 8 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен Курашова Ботакөз ашық сабақ өткізді. 

Сабақтың тақырыбы: «Әлемнің жаңа жеті кереметі». 

Мақсаты: Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін, құрылымын салыстыра талдау. 

Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушыларды түгелдеп, үй тапсырмасын «Кір жайғыш» әдісі арқылы сұрады. «Ұлы Жібек жолы — әлемдік өркениет» тақырыбында жазып келген эсселерін бір-бірімен алмасып, топта талқылап, үздік жұмысты анықтап кір жайғышқа ілді.

Оқушылардың ойын қозғау мақсатында әлемнің жеті кереметінің суреттерін сөйлетумен жаңа сабақтың тақырыбын болжады. Оқушылар сабақтың мақсатына сай тапсырмаларды топтық және жеке жұмыстар арқылы орындады. Сабақта әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, мұғалім мен оқушылар тарапынан бағалау дер кезінде беріліп, кері байланыс жүргізілді. Сабақ «жақсы» деп бағаланды.