"Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "МИФ зерттеулер мен инновациялар толқыны" тақырыбында физика, математика және информатика пәндері бойынша онкүндік аясында Гүлдариха Сатымбекова информатика пәнінен 24.12.2024 жылы 7 сынып оқушылары арасында сайыс өткізді.
Тақырыбы: «Қазына аралы»
Мақсаты: оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын көтеру, алған білімдерін шыңдап, тексеру. Ой-өрісін іс жүзінде дамыту, есте сақтау, сөйлеу мәнерін және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. Бір-бірімен достық пен ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға және сыйлауға тәрбиелеу.
«Қазына аралы» білімділік сайысы келесі кезеңдерден өтті:
1-кезең: «Таныстыру»
2-кезең: «Жұмбақ жол»
3-кезең: «Адасқан әріптер»
Сайыс нәтижесі:
I орын – 7«А» сыныбы
II орын – 7«Б» және 7«В» сыныптары
III орын – 7«Г» сыныбы
Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталды.