Арыс қаласының Білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 8 сәуір күні ДБОБО Ш.Ильясованың ұйымдастыруымен дарынды оқушылар арасында информатика пәні мұғалімдері Г.Сатымбекова мен Ұ.Оспанова 6 сынып оқушыларының арасында «ХІІ ғасыр көшбасшысы» сайысын өтті.
Мақсаты: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау. Логикалық сауаттылығын дамыту, белсенділігін арттыру.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды.
1. Бәйге. Сұрақ - жауап
2. Полиглот
3. «Кім жылдам?»
4. Мақал - мәтел
5. «Ойлан тап»
Сайыс барысында оқушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, «Kahoot» бағдарламасында тапсырмаларды орындап, жоғары балл жинаған оқушылар марапатталды.