Мамандық таңдау — маңызды іс
Арыс қалалық "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Шарапат Ильясова мен кәсіптік бағдар беруші Жұмаділ Айгүлдің ұйымдастыруымен 5 сынып оқушылары арасында "Кім боламын?" тақырыбында газет шығарып, оқушылар мамандық иелері туралы салған суреттері бойынша әңгімелеп, өлеңдерін оқып, болашақтағы армандаған мамандықтары туралы айтып шықты. Сонымен бірге оқушылар мамандық туралы өз пікірлерін ортаға салды. Бірі дәрігер мамандығын жақсы көретінін, бірі ұстаз, бірі журналист болу армандары екенін айтты.
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың бойында жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге үйрету.