«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ кезектен тыс жалпы ата - аналар жиналысы өтті. Жиналыста қозғалған негізгі мәселелер:
- 2024 - 2025 оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс - шара 11 сынып түлектері үшін 2025 жылдың 23 мамыр күні өтетіні туралы;
- Бітіруші түлектердің кешкі мезгілде көлікпен көшеге жүрмеу;
- Оқу үлгерімі мен тәртіп мәселелері;
- Құқықбұзушылықтың алдын алу және мектептегі қауіпсіздік ережелері;
- Заңсыз ақшалай қаражат жинамаудың алдын алу;
- Жаз мезгілінде жиі кездесетін қауіп - қатер түрлері (суға түсу, жол - көлік оқиғалары, өрт, күннен күйіп қалу, т. б. ) туралы ата - аналарды хабардар ету;
- Балалардың бос уақытын тиімді және қауіпсіз ұйымдастыру жолдарын талқылау;
- Ата - аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
- Ата - аналарды балаға бақылауды күшейтуге, қауіпсіздік ережелерін үйретуге және сақтауға ынталандыру.
Жиналыс ашық форматта өтіп, ата - аналар тарапынан ұсыныстар айтылып, пікірлер тыңдалды.
Жиынға ата - аналар комитетінің төрайымы Ф. Рахымбердиева, ДОЖЖО М. Асирова, мектеп директоры Е. Кушкарбеков және мектептің тәрбие орынбасарлары мен педагог психологтар қатысты. Жиын барысында ДТЖЖО М. Жандарбеков, мектеп директоры Е. Кушкарбеков, ДОЖЖО М. Асирова және ата - аналар комитеті Ф. Рахымбердиева күн тәртібіндегі мәселе жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі туралы ата - аналарға кеңестер берді. Сонымен қатар, ата - аналардан психологиялық сауалнамалар алыынып, видеороликтер көрсетілді. Өз кезегінде ата - аналар да бала қауіпсіздігі турлы ұсыныстар айтты.