"Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жас мамандардың жоспары негізінде жас маманның тәлімгермен біріккен "Көңілді старт-2024" спорттық эстафетасы өтті. Жас маман Артықбай Роза және тәлімгері Кадыров Полат 7 "Ә" сыныбы оқушыларымен спорттық эстафета өткізді.
Мақсаты: Балаларды спорттық ойындарға деген бейімділігін, қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықтарын нығайту, дене қозғалыстарын жетілдіру.
Мұғалімнің командасы бойынша оқушылар сапқа тұрғызылды. Сайыстың қорытындысын шығарып, әділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстырылды. Әділ қазылар: ДОЖЖО К. Турегельдиева, кәсіптік бағдар беруші Жұмаділ А., кітапхана меңгерушісі Пердебекова Аякөз, педагог-психолог Спакешова Ж.
Эстафеталық сайыс 8 бөлімнен тұрды:
- Таныстыру (топтың аты мен ұранын айту және таныстыру)
- «Эстафета таяқшасын алып жүгіру»
- «Қол күрес» сайысы
- «Кім жылдам» сайысы
- «Кеудемен көтерілу» сайысы
- «Кенгуру» сайысы
- «Шалқалап жатып денені көтеру» сайысы
- «Арқан тартыс» сайысы
Сайыс соңында командалардың ұпай саны есептеліп, жеңімпаз команда анықталды. Қорытындылай келе: I орын – Жасұлан II орын – Алау III орын – Достық тобына бұйырды. Эстафета қызықты әрі тартысты өтті.