Түркістан облысы, "Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 20 желтоқсан күні 2-сыныптар арасында командалық білім сайысы өтті.
Тақырыбы: Қазақстан – біртұтас келешек, біртұтас халық, біртұтас жер.
Мақсаты: Оқушыларға патриоттық сезім ұялату, халықты сүюге, нағыз азамат және шынайы патриот болуға тәрбиелеу, елге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру.
Сайыстың бірінші турында Тәуелсіз Қазақстан туралы ақпарат берілді.
Екінші туры: сұрақ-жауап.
Үшінші туры: Қазақстанның болашағын қалай болжайсың?
Сайыстың нәтижелері:
І орын – Мықтыбек Медина, 2 "Б" сынып оқушысы
ІІ орын – Утегенова Айша, 2 "А" сынып оқушысы
ІІІ орын – Жұмабай Айша, 2 "Ә" сынып оқушысы
Жауапты: Жандарбеков Мұхит, Түзелова Меруерт
Сынып жетекшілері: Қуатбаева Н., Избасарова А., Есқараева О.
"Табиғатқа қамқорлық жасаймыз" тақырыбында мектептегі сыныптарға тазалық жүргізілді.
Мақсаты: Сыныптағы жиһаздарды таза және ұқыпты ұстауға, бөлме өсімдіктерін күтіп-баптауға, қоршаған ортаны қорғауға, ұйымшылдыққа, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға баулу.
#біртұтас_тәрбие