Түркістан облысы, "Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 "Ә" сыныбында сынып жетекші Олжатаева Айнұрдың ұйымдастыруымен "Қош бол, Әліппе!" атты ертеңгілік өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін көрсету, эстетикалық талғамдарын арттыру, өз-өзін дұрыс ұстауға үйрету, ана тілін сүюге, қастерлеуге, ұжымшылдығын арттыру.
Ертеңгілік нәтижесінде оқушылар керемет өнерлерін ортаға салып, сұрақтарға жауап беріп, ойындар ойнатылып, жасанды интеллект бойынша ана тілі оқулығымен танысты. Ертеңгілікті "Рақмет саған, Әліппе!" атты әнімен Мұхиятғазиз Асылым ашты. "Бәйге" биін сыныптың ұлдары жоғары деңгейде орындап шықты. Айнұр ұстаздың бұрынғы шәкірті Оспанали Сая мен оқушысы Оспанали Ақсұлтан "Қазақ елі" әнін нақышына келтіре орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. "Асыл ана" биін сыныптың ару қыздары мың бұрала билеп өнерлерін көрсетті. Ертеңгілікті "Үйретеді" хорымен аяқтады. Ата-аналар өз ризашылықтарын білдіре отырып, ертеңгіліктің жоғары деңгейде өткенін айтып сөз алды.