Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Арыс қаласының білім бөлімі"мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДОІЖО: К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен "Тілден қымбат қазына жоқ" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінде , 6 "Б" сыныбына қазақ әдебиеті пәнінен Ақжігітова Перизат ашық сабақ өтті. 
Тақырыбы: Әл-Фарабидің "Қашықтасың туған жер", "Тіршілікте құрыштай бол төзімді" өлеңдерінің көркемдік сипаты. 
Мақсаты: 6.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу, аллегория, ассонанс) анықтау. 
Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушыларды түгелдеп, өткен сабақты пысықтау мақсатында үй жұмысын "сұрақ-жауап" әдісі арқылы сұрады. 
"Миға шабуыл" әдісімен тақтаға көркемдегіш қүралдарды жазып қойып, бұл көркемдегіш құралдардың бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар екенін анықтатып, жаңа сабақтың тақырыбын болжатты. Мұғалім жасанды интеллект құралдарын ұтымды пайдаланып, жаңа сабақтың мақсатын әл-Фарабидің өзіне айтқызып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Өлеңнің маңызды тұстарына оқушылардың назарын аударып, сол бойынша топтық тапсырма берді. 
1-топ. "Төрт сөйлем" әдісі арқылы әл-Фарабидің өлеңдеріне өзіндік көзқарас таныту. 
2-топ. Концептуалды кесте арқылы әл-Фарабидің "Тіршілікте құрыштай бол төзімді" өлеңіне талдау жасау. 
3-топ. Ақынның «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңін құрылысына қарай талдау. 
4-топ. «Қос жазба күнделігі» әдісі бойынша «Қашықтасың туған жер» өлеңіндегі автор ойына түсіндірме жазу. 
Топтық тапсырмада өлең мазмұны бойынша бір-біріне ұқсамайын түрлі тапсырма берілді. Оқушылар топтық жұмыстарын қорғап, мұғалімнің қосымша сұрақтарына жауап берді. Мұғалім топтық бағалау жасады. Оқушылардың сабақты толық түсінгенін анықтау мақсатында "Саралау тапсырмалары" берілді. Саралау тапсырмасында оқушылар ақынның өлеңдерінен көркемдегіш құралдарды анықтап, себебін түсіндірді. Сабақты бекітуде жасанды интеллект арқылы әл –Фарабиге өзінің нақыл сөздерін айтызып, оқушыларға даналық ойдан дән себуге тырысты. Үй тапсырмасына ғұлама ақынның нақыл сөздерін түсініп оқып, жатқа айтып келуге берілді. Сабақ соңында оқушылар "Уатсап желісі" кері байланысы бойынша бүгінгі сабақ туралы ойларын жазды.