Арыс қаласының білім бөліміне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде білім сапасын көтеру мақсатында жасалған іс - шараға сәйкес директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен Lesson study жүргізілді. 12.02.2025.күні бастауыш сынып мұғалімі Избасарова Айжан Қожахафизқызы 2 "А" сыныбымен математика пәнінен сабақ өтті. Тақырыбы: Өрнектердегі амалдардың орындалу реті.
Сабақтың мақсаты:
2.2.1.1 Санды және әріпті өрнектерді (көбейтінді,бөлінді) теңдіктер мен теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу
Үй жұмысын "Тарсия" әдісімен бекітті.
Жаңа сабақты екі амалды өрнектерді түсіндіре отырып тақырыбын ашты.
Дәптермен жұмыс жүргізілді.
"Twix" әдісімен топтық жұмыс сәтті жүргізілді.
"Дәрумендер" әдісімен жұптық жұмыс жүргізілді. (Есепті тексеру барысын интерактивті тақтада жүргізілді)
Жаңа сабақты қорыту барысын "Baamboozle" платформасымен табысты орындалды.
Бағалау "Шаңырақ" әдісімен нақты бағаланды.
Кері байланыс "Gunzy" платформасында берілді.
Сабақ мақсатына жетті.