Арыс қаласының білім бөліміне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде білім сапасын көтеру мақсатында жасалған іс - шараға сәйкес директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен 3 - сабак, Lesson study жүргізілді. 17.02.2025.күні бастауыш сынып мұғалімі Избасарова Айжан Қожахафизқызы 2 "А" сыныбымен математика пәнінен сабақ өтті. Тақырыбы: Әріпті өрнек,
Сабақтың мақсаты:
2.2.1.2 әріптің берілген мәніндегі екі амалды әріпті өрнектің мәнін табу.
Үй жұмысын сұрай отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашты.
Математикалык диктант жүргізді.
Топтық жұмыс пен жұптық жұмыс жүргізілді.
Дәптермен жұмыс жүрді. Жаңа сабақты қорыту барысында "Деңгейлік тапсырма" үлестірілді.
Бағалау "Шаңырақ" әдісімен нақты бағаланды.
Кері байланыс "Gunzy" платформасында берілді.
Сабақ мақсатына жетті.