Арыс қаласының білім бөліміне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде білім сапасын көтеру мақсатында жасалған іс - шараға сәйкес директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен 5 - сабак, Lesson study жүргізілді. 20.02.2025. күні бастауыш сынып мұғалімі Избасарова Айжан Қожахафизқызы 2 "А"сыныбымен математика пәнінен сабақ өтті. Тақырыбы: 1 санымен байланысты көбейту мен бөлудің қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
2.2.1.4. Санды 1 - ге көбейту мен бөлу жағдайларынан әріпті теңдік түрінде: а•1=а, а: 1=а
Үй жұмысын сұрай отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашты.
Миға шабуыл жүргізді.
Дәптермен жұмыс жасалды.
Топтық жұмыс "Twix" әдісі бойынша жүргізілді. Жұптық жұмыс "Салыстыру" әдісі бойынша жүргізілді.
Дәптермен жұмыс жүрді.Жаңа сабақты қорыту барысында "Деңгейлік тапсырма" үлестірілді.
Бағалау "Шаңырақ" әдісімен нақты бағаланды.
Кері байланыс "Gunzy" платформасында берілді.
Сабақ мақсатына жетті.