«Ұлттық Бірыңғай Тестілеу-2025»
Арыс қаласы Білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ директордың бейін оқыту бойынша орынбасары Ш. Ильясова мен кәсіптік бағдар беруші А. Жұмаділ 10-11 сынып оқушыларына «Ұлттық бірыңғай тестілеу-2025» ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
• Түсушілерге тестілеуге ҰТО сайты арқылы тіркелу
• Тестілеу пунктін, күнін, уақытын таңдау
• «1 тестіленуші-1 компьютер-2 камера» қағидасы
• Аппеляцияға өтініш беру ережесі
• Өтініш беру мерзімі мен тестілеу мерзімі
• Тестке кіру ережесі
• Тестілеу уақыты мен үзілістер
• Білім беру грант конкурстары
• Бейіндік пәндер комбинациясы туралы мәліметтер берді.