15 қараша ұлттық валюта күні
Қазақстанда 15 қараша ұлттық валюта — теңге күні және еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде атап өтіледі. 1993 жылдың дәл осы күні тәуелсіз Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге ресми түрде айналымға енгізілді. Бұл күн ел тарихында экономикалық тәуелсіздіктің маңызды символдарының бірі ретінде ерекше орын алады.
"Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 14-15.11.2024 жылдары 1-11 сыныптар аралығында "Ұлттық валюта күніне орай" сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге туралы түсінік беру, оның пайда болуының тарихын, маңызын, қолданылу саласын таныстыру, ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру және экономикалық білімдерін кеңейту. Сонымен қатар, оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін дамыту, өз еліне, мәдениетіне және ұлттық құндылықтарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.