Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде жоспарға сәйкес 17.01.2025 ж күні педагог - психолог Ж.Спакешова мен аға вожатый Г.Мусаева «Лудомания - XXI ғасыр дерті» тақырыбында 6 сыныптар арасында сынып сағатын өтті.

Мақсаты: Лудомания (ойынға тәуелділік) туралы толық түсінік беру, оның белгілері мен себептерін ашып көрсету. Лудоманияның қоғамға, жеке адамға, оның отбасы мен достарына тигізетін теріс әсерлерін көрсету. Ойын тәуелділігімен күресу үшін психологиялық көмек алу, алдын алу шараларын түсіндіру және қажетті қолдау жүйелерін таныстыру.

Кезінде белгілі кеңестік психиатр Цезарь Короленко адамның мінез-құлқындағы құмар ойындарға тәуелділікті көрсететін төмендегі бірқатар белгілерді атап өткен болатын:

  • Үнемі ойынға елігу, ойында өткізетін уақыттың ұзаруы.
  • Қызығушылықтардың өзгеруі, бұрын ынталандырған дүниелердің ысырылуы, әрдайым ойын туралы ойлау, ойын комбинацияларымен байланысты оқиғаларды елестету және осы ойлардың басым болуы;
  • "Бақылауды жоғалту", ауқымды ұтыстан кейін немесе үнемі ұтылудан кейін де ойынды тоқтата алмау;
  • Ойынға кезекті рет қатысқаннан кейін қысқа уақыт аралығында дамитын психологиялық дискомфорт. Ол бас ауруы, ұйқының бұзылуы, ашушаңдық, алаңдаушылық, көңіл - күйдің түсуі, зейіннің бұзылуы секілді бірқатар белгілер бойынша есірткі алкогольге тәуелді тұлғалардың абстиненциясына ұқсайды;
  • Ойынға жиі қатысу, жоғары тәуекелдерге талпыну;
  • Қарсыласу қабілетінің тез төмендеуі. Енді ойнамауға бел буғанымен, сәл арандатушылық болған жағдайда (бұрынғы таныстарын кездестіру, ойын тақырыбында әңгімелесу, ойын мекемесі жанында болу т.б.) ойынға тәуелділіктің оралуы.

Жалпы, лудоманияның қоғамға төндіретін қаупі орасан екендігі, құмар ойындар мен бәс тігуге тәуелді адамдардың ішінде бар ақшаларын ұтылған соң таныс - тамырынан қарыз алып, несиеге батып, үйіндегі дүниелерін сатып, ақыры, қылмысқа баратындары аз емес екендігі айтылды.

Сондай - ақ, іс - шарада оқушыларға ойын құмарлығынан бойын аулақ ұстауын түсіндірді.