Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

"Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 21.11.2024 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сыранова Гүлвира 9 "А" сыныбымен қазақ әдебиеті пәнінен әдістемелік сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: "Тарихи шындық пен көркемдік шешім" бөліміндегі "Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны" өлеңіндегі әлеуметтік (жер) мәселе.
Мақсаты: 9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.
Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушыларды түгелдеп, жағымды ахуал қалыптастырды. Үй тапсырмасын "Кір жайғыш" әдісімен сұрап, үздік жұмыстарды анықтады. Жаңа сабақтың тақырыбын сөздердің мәнін оқушыларға аштыру арқылы тақырып пен мақсатты болжады.
Жаңа сабақпен өткен сабақты байланыстыра отырып ашты. Оқушылар сабақтың мақсатына сай тапсырмаларды топтық, жұптық жұмыс және саралау тапсырмалары арқылы орындады. Сабақта «РАФТ», "Аяқталмаған сөйлем", «ПОПС формуласы» әдіс-тәсілдері тиімді қолданып, саралау тапсырмалары «Wordwall» сайтында тест сұрақтарымен алынды. Оқушылар бір-бірін топта бағалап, мұғалім де әр тапсырмадан кейін дер кезінде бағалау жүргізіп, кері байланыс беріп отырды. Оқушылар өтілген сабаққа кері байланыс беріп, ұсыныстарын жазбаша жеткізді. Сабақ мақсатына жетті.