Түркістан облысы, "Арыс қаласының Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәсіптік бағдар беруші Жұмаділ Айгүл 11 сынып оқушыларына «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында дөңгелек үстел кешін өткізді.
Мақсаты:
а) оқушылардың болашақта мамандық таңдауына ықпал ету, ой бөлісу;
б) жеке басының сапалық қасиеттерін арттыру, жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту;
в) оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.