Арыс қалалық "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы орта білім беретін мектеп" КММ -де 2025 жылдың 23 мамыр күні ерекше толқынысқа толы, жүрекке жақын сәттердің бірі – "Мектебім, саған мың алғыс!" атты бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиын өткізілді. Бұл – мектеп қабырғасындағы бітіруші түлектер үшін бас қосу, сағыныш пен ризашылыққа толы ұмытылмас күн.
Мектеп бітіруші түлектерге алғыс айту, олардың жүрегінде мектепке, ұстазға, достарға деген жылы естеліктерді қалдыру, тәрбиелік мәні зор ризашылық сезімін қалыптастыру және түлектерге сәт-сапар тілеу.
Салтанатты жиын барысында мектеп директоры Кушкарбеков Ералы Рахматуллаұлы мен мектеп ұстаздары жүрекжарды тілектерін білдірді. Түлектер ұстаздарға алғыс айтып, арнау өлеңдер оқып, ән шырқап, әсерлі қойылымдар көрсетті. Сынып жетекші өз шәкірттеріне ақ батасын беріп, болашақ жолына бағыт-бағдар айтты.
Салтанатты жиынымызға Арыс қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Асанов, Арыс қаласының "Білім бөлімі" ММ-нің әдіскері Г.Малтаева, қамқоршылық кеңесінің төрағасы П.Рахымбердиева және зейнеткер ұстаздар арнайы келіп қатысты.
Қонақтарымыз ұстаздар қауымына ризашылықтарын жеткізіп, бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі.
Қорытынды: "Мектебім, саған мың алғыс!" атты жиын түлектердің жүрегінде мәңгі сақталатын естелікке айналды. Бұл – білім ордасымен қоштасудың, үлкен өмірге алғашқы қадам жасаудың символы. Түлектерге сәт-сапар тілеп, жарқын болашақ пен үлкен жетістіктер жолында тек алға басуға тілек білдіреміз.