Арыс қаласының "Білім бөлімі" ММ қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында бастауыш сынып пәндерінің "Бастауыш - білім бастауы" тақырыбындағы айлық жоспары бойынша 07.02.2025.күні Б.Бектурсынова мен Ж.Спакешова 2 - сыныптар арасында отбасылық сайыс өтті. Тақырыбы: "Мерейлі отбасы"
.Мақсаты:
Оқушы мен ата - аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Сайысқа үш отбасы қатысты.
1 топ: Жұмаділдә отбасы
2 топ: Қыдырбек отбасы
3 топ: Оразбек отбасы
Сайыс 5 - кезеңнен тұрды:
1. "Желаяқтар" 2."Егін егу,егін жинау". 3."Ыдыспен су тасу". 4."Паравоз". 5."Допты шеңберге салу" 1 - кезең бойынша, кедергілер арасымен жүріп, мәреге жетті 2 - кезең бойынша жуаны ата - анасы егіп, балалары жинады. 3 - кезең бойынша суды шашпай төкпей межелеген жерге апарып құйды.
4 - кезең бойынша жылдам жүріспен кедергіден өтіп келді .
5 - кезең бойынша допты кедергілерден өтіп келіп шеңберге салды. Нәтижесінде:
I орын "Жұмаділдә " отбасы
II орын. "Қыдырбек"
III орын "Оразбек" отбасы иеленді. Жеңімпаздар мадақтамамен марапатталды.