"Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "МИФ зерттеулер мен инновация толқыны" тақырыбында МИФ пәндерінің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараның мақсаты:
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
- Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Ашылу салтанатында оқушыларға түрлі логикалық, интерактивті тапсырмалар беріліп, өлең шумақтары айтылып, ән шырқалды. Жарыс ойнатылып, жүлделі орындарға сыйлықтар берілді.
Ойынның мақсаты: "Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру".