Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Арыс қаласының "Білім бөлімі "ММ "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К. Турегельдиеваның ұйымдастыруымен "Тарих - ғасырлар куәсі, 
"Жаратылыстану - ғажайыптар әлемі" тақырыбында Тарих, география, биология, химия пәндерінің онкүндігі барысында 04.03.2025 күні Кенжеханова Айнакуль Нұржауқызы 7 "Г" сыныбында биология пәнінен ашық сабақ өтті.
Тақырыбы: "Мінез - құлықтың рефлекторлық табиғаты" 
Сабақтың мақсаты: Оқушылар жануарлардың мінез-құлықтың рефлекторлық табиғаты туралы зерттеп, оны өмірде қалай жүзеге асатыны туралы, іс жүзінде қалай қолдануды үйрету.
Үй тапсырмасын "Wordwall" әдісі арқылы сұрады. Жаңа сабақты суреттер сөйлейді әдісі арқылы суреттер көрсетіп, қосымша мәліметтер бере білді.
І тапсырма
Топтық жұмыс "DEAL" әдісі
3 топқа тапсырма беріледі.
1. Рефлекс
2. Мінез - құлық
3. Шартты, шартсыз рефлекс
Бұнда әр топтан 4 оқушы шығып қорғады.
ІІ тапсырма
Жұптық жұмыс. "Ойлан, жұптас, бөліс" әдісімен жұптасып орындады.
ІІІ тапсырма. "Анығын тап" әдісі бойынша жеке жұмыс орындалды.
Мұнда оқушылар жеке-жеке жұмыс дәптеріне орындады. Сабақты 
"QR" әдісі бойынша сабақты қорытындылап, оқушылардан кері байланыс алды.Үйге тапсырма: Шартсыз, шартты рефлекске тапсырмалар дайындап, мәлімет жинау. Сабақ мақсатына жетті.