Арыс қаласының Білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты “Арыс жалпы білім беретін мектеп“ комуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К. Турегельдиеваның ұйымдастыруымен “Өмірімді өнермен бейімдеймін” тақырыбында дене шынықтыру, еңбекке баулу, музыка, бейнелеу өнері, АӘД пәндері пәнерінің онкүндігі барысында 29. 04. 2025 ж күні Караев Нұрмаш 6 “Б” сынып арасында дене шынықтыру сабағынан ашық сабақ өтті. Тақытыбы: “Ойын кеңестігінде бағдарлау дағдыларына үйрету". Волейбол ойынында допты төменнен екі қолмен қабылдау” Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ойын техникасының элементтерін, соның ішінде қарсыластың тордан асып келген добын екі қолмен допты қабылдап кері қайтару командалық ауызбіршілікті нығайту. Қорғаныста ойнау әдісін және тактикалық ойын үлгісін үйрету. Сабақ мақсатына жетті.