Арыс ЖББМ 7 "В" сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Үміт сәулесі” атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың бойына ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сынды асыл қасиеттерді дарыту, риясыз мейірімді болуға үйрету, ой, сөз , қол бірлесітігі туралы ұғымын кеңейту.
Жәрмеңкеге қатысқан барлық оқушылар түрлі тағамдар әкеліп, өз үлестерін қосты.
Акцияға қолдау білдірген ата - аналар мен ұстаздарға алғыс білдіреміз!