«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ - нің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізіндегі жоспарға сәйкес 6 «Б» сынып жетекшісі Ақжігітова Перизаттың ұйымдастыруымен алғыс айту күніне орай «Мың алғыс!» атты мерекелік концерттік кеші өтті. Іс - шараның мақсаты: оқушылардың ризашылық пен алғыс туралы түсініктерін қалыптастыру және сыйластық құндылығын бойына сіңіру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілікке, сыпайылық қарым - қатынасқа, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Концерттік кеште оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән шырқап, би биледі және қара өлеңдерін оқыды.