Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашысы:Қаблашова Гүлжазираның ұйымдастыруымен 17.10.2024ж 3-4 сыныптар арасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ертегілер еліне саяхат" атты байқау өтілді. Мақсаты:Оқушыларға ертегіні суреттеп,сахналап қою.Мән-мағынасын ашу.Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп,өз көз қарастарын білдіруге үйрету. Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту,логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
Нәтижесінде: Бас жүлдені 4 "А" сынып оқушылары иеленді. 1-орын 3 "Б"сынып оқушылары иеленді. 2-орынды 3 "А" және 4 "Ә" сынып оқушылары иеленді. 3-орынды 3 "Ә"және 4 "Б"сынып оқушылары иеленді. Оқушыларды мақтау қағазымен марапаттады.