“Арыс жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Арыс АПБ-нің ЖПҚ КТІЖ аға инспекторы полиция капитаны А.Жәнібеков, Арыс АПБ-нің ЖПҚ КТІЖ УПИ аға лейтенанты Ж.Таттыбеков қатысуымен 8-11 сынып оқушыларына "Жасөспірімдер арасында нашақорлықты болдырмау" атты жиын өтті.
Жиынның мақсаты: Нашақорлықтың адам өміріне тигізер залалы жайында түсіндіру, жалпы оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Жиын баяндамасында
адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек екендігі, дені сау адам еңбекке әрқашанда құлшыныспен кірісетінін, ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз. Есірткі - бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез - құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жететінін,одан бойын аулақ ұстауын баса айтты.