"Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 20 қараша күні 9-11 сынып оқушыларына тәлімгер Г. Мусаева "Нашақорлық — қоғам дерті" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету. Ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер — темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру.
Түсіндірме жұмысы барысында мектеп оқушыларына есірткінің адам өміріне, ағзасына, жүйке жүйесіне, болашағына, айналасына тигізетін зияны туралы айтылып, видеороликтер көрсетілді.