'Арыс жалпы білім беретін мектеп 'КММ-інің жоспарына сәйкес 18 наурыз 'Ұлттық киім' күніне орай 1 'А' сынып жетекшісі Акимова Гүлмира 'Наурыз - жыл басы' тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: Оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу және ұлттық құндылықтарды насихаттау. Ұлттық киімін,тамағын,ойындарын насихаттап көрсету.Тәрбие сағатында балалар қазақ халқының ұлттық ойындары 'Асық ату', 'Арқан тартыс', 'Қол күрес'', "Сақина салу' ойындарын ойнады. Топтық жұмыстар 'Кім тапқыр'," Жалғасын тап' ойындары жүргізілді. Сонымен бірге 'Ұлттық киім" күніне орай киініп келген оқушылар марапатталды. Балалар наурыз мерекесіне арналған өлең жолдарын айтты.