Республика Дарыны
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 3 сынып оқушысы Нызан Мұхамедәлі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам — адал еңбек — адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Республика дарыны» атты республикалық байқауға қатысып, жеңімпаз атанғаны үшін І дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Осындай оқушы дайындағаны үшін жетекшісі Адахам Нұржамал Алғыс хатпен марапатталды.
Құттықтаймыз, Мұхамедәлінің алар асуы көп болсын!