Кітап!
Сен адамзаттың жақын досы,
Келмейді сені оқымай көңіл қошы.
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңе осы.
«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ - нің кітапхана меңгерушісі А.Пердебекова 2025 жылдың 22 қаңтарында 6 - «А» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Токтар Айбекпен 20 минуттық кітап оқу сағатын ұйымдастырды.
Мақсаты: балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру; көркем əдебиеттерді оқуға қызығушылықтарын арттыру арқылы сөздік қорын молайту; сауатты сөйлей білуге дағдыландыру;