Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «әлем ертегілері» тақырыбында балалар оқуы байқауы өткізілді
Арыс қаласы «Білім бөлімі» мемелекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 31 қаңтар күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Әлем ертегілері» тақырыбында балалар оқуы байқауы болып өтті. Қысқы демалысты тиімді өткізу барысында 3 - сынып оқушыларына «Мүнхаузеннің басынан кешкендері» хикаясы, 4 - сынып оқушыларына «Нелло мен Патраш» ертегісі ұсынылды. 
Байқауды мектеп кітапханашылары: А.Пердебекова мен Г.Каблашова ұйымдастырды. 
Байқаудың мақсаты: әлем ертегілер туралы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту;
оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық шеберліктерін арттыру, 
ертегілер арқылы сөздік қорларын молайту. 
Ертегі мазмұны арқылы оқушыларды адамгершілікке, достыққа, жақсылыққа тәрбиелеу.
Байқау 3 кезеңнен тұрды.
І кезең «Талдау - табыс кілті» ертегіні сатылай талдау
ІІ кезең «Ертегі сыр шертеді» салған суреттерін қорғау
ІІІ кезең «Мен ұнатқан кейіпкер». Ұнатқан бөлімінен көрініс қою
Байқауға әділ - қазылық еткен кеш қонақтары:
«Sandyg.art» балалар шығармашылық орталығының директоры: Қуандық Сандуғаш
«Отбасы хрестоматиясы» қорының өкілдері: Ақжолова Ғазиза
Жанна Мақсұтқызы
Қалмен Дариға
Мектеп директоры: Ералы Кушкарбеков сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Халық ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы қазақ ертегілерімен таныс оқушыларымыз бүгінгі өтілген іс шара барысында әлем ертегілерімен де таныс болды. Ертегі мазмұнын талдап, сурет арқылы бейнелеп, көрініс қоя білді.Әлем әдебиетінде құнды ертегіні қазақшаға аударып, өркениетті елдердің ертегілерімен өз тілінде тануына мұрындық болған ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Абзал Құспан мырзаға, білім алушыларымыздың таным - түсінігінің артуына үлесін қосқан «Sandyg.art» балалар шығармашылық орталығы директоры Қуандық Сандуғаш ханымға және «Отбасы хрестоматиясы» қорының өкілдеріне алғысымыз шексіз. Байқаудың жоғары дәрежеде өтуіне атсалысқан мектебіміздің ДОЖЖО: Кадирова Ұлбосын апайымызға және сынып жетекшілері А.Естаеваға, М.Агадиловаға, Г.Алимбаеваға, Г.Есенкуловаға,Б.Құдияроваға, М.Тузеловаға алғыс айтып, еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз.
Байқау қорытындысына келер болсақ, сурет салу кезең бойынша марапаттар:
І орын 4 «Б» сынып «Әмиян» тақырыбы
ІІ орын 4 «А» сынып «Ерте есею» тақырыбы
ІІІ орын 3 «Ә» сынып «Барон мен Мюнзаузен» тақырыбы. 
Ал, байқаудың командалық топ бойынша өткен І,ІІІ кезеңдері бойынша жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздары:
І орын 4 «А» сынып «Туған күн» көрінісі сынып жетекшісі: Г. Есенкулова. 
ІІ орын 4 «Б» сынып «Әмиян» көрінісі сынып жетекшісі: М.Түзелова
ІІІ орын 3 «А» сынып «Кездейсоқ достарым» көрінісі сынып жетекшісі: А. Естаева
Сонымен қатар, көріністе өздеріне берілген образды шебер сомдай білген қатысушыларымызға «Үздік рөлі үшін» номинациясы беріліп, Алғыс хатпен марапатталды.
4 «А» сынып оқушысы: Қайрат Рамазан
4 «Б» сынып оқушысы: Қожақұл Керемет
4 «Ә» сынып оқушысы: Пархатбек Нұрхат
3 «Ә» сынып оқушысы: Тұрсынбек Мұхаммедәлі
3 «Б» сынып оқушысы: Бастарбек Ескендір
3 «А» сынып оқушысы: Хасан Айсұлтан
4 «Б» сынып оқушысы: Мұқиятғазиз Нурмухамет
Алтын бесік ел аман болсын.Айдарлы ұлдарымыз бен жайдарлы қыздарымыз жайқалып өсіп - өне берсін! Зейінді шәкірттеріміздің алар асуы көп болсын