Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «әлем ертегілері» тақырыбында балалар оқуы байқауы өткізілді 
«Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2025 жылдың 31 қаңтар күні «Әлем ертегілері» тақырыбында балалар оқуы байқауы болып өтті. 
Қысқы демалысты тиімді өткізу барысында 3 - сынып оқушыларына «Мүнхаузеннің басынан кешкендері» хикаясы, 4 - сынып оқушыларына «Нелло мен Патраш» ертегісі ұсынылған. 
Аталған байқаудың мақсаты: - әлем ертегілер туралы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық шеберліктерін арттыру, ертегілер арқылы сөздік қорларын молайту, ертегі мазмұны арқылы оқушыларды адамгершілікке, достыққа, жақсылыққа тәрбиелеу.
Байқаудың барысы: 
3 кезеңнен тұрады.
І кезең «Талдау - табыс кілті» ертегіні сатылай талдау
ІІ кезең «Ертегі сыр шертеді» салған суреттерін қорғау
ІІІ кезең «Мен ұнатқан кейіпкер» ұнатқан бөлімінен көрініс қою.
Байқауға әділ - қазылық еткен кеш қонақтары, «Sandyg.art» балалар шығармашылық орталығының директоры Қуандық Сандуғаш, «Отбасы хрестоматиясы» қорының өкілдері Ақжолова Ғазиза, Жанна Мақсұтқызы, Қалмен Дариға және мектеп директоры Ералы Кушкарбеков, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ұлбосын Кадирова қатысты.
Халық ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы қазақ ертегілерімен таныс оқушыларымыз бүгінгі өтілген іс шара барысында әлем ертегілерімен де таныс болды. Ертегі мазмұнын талдап, сурет арқылы бейнелеп, көрініс қоя білді. 
Әлем әдебиетінде құнды ертегіні қазақшаға аударып, өркениетті елдердің ертегілерімен өз тілінде тануына мұрындық болған ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Абзал Құспан мырзаға, білім алушыларымыздың таным - түсінігінің артуына үлесін қосқан «Sandyg.art» балалар шығармашылық орталығы директоры Қуандық Сандуғаш ханымға сондай - ақ, «Отбасы хрестоматиясы» қорының өкілдеріне, Ұлбосын Кадироваға және сынып жетекшілеріне алғыс білдірді.
Байқау соңында сурет салу кезең бойынша, көріністе өздеріне берілген образды шебер сомдай білген қатысушыларға «Үздік рөлі үшін» номинациясы беріліп, Алғыс хатпен марапатталды.
Зейінді шәкірттеріміздің алар асуы көп болсын!
Баспасөз қызметі.