Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

15 сәуір - Ғашықтар күніне орай, «Ақиқаттың ақыны» композициялық әдеби - сазды кешТүркістан облысының білім басқармасының «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М. Асирова мен мектеп кітапхашылары А. Пердебекова мен Г. Каблашованың ұйымдастыруымен 15 сәуір - ғашықтар күніне орай, «Ақиқаттың ақыны» қазақтың ақиық ақыны Мұхтар Шахановтың махаббат тақырыбындағы балладаларына қойылған композициялық әдеби - сазды кеш өтілді. Мақсаты: Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу; Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқырмандардың бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау; оқырмандарды кітап оқуға қызықтыру;Кештің өтілу барысы: Ұйымдастыру кезеңінде мектептің АКТ залына кіре беріс дәлізі қазақи нақыштармен ою - өрнектер, көрме, алаша, түскиіз, қолөнер бұйымдарымен безендірілсе, АКТ залдың сахнасына киіз үй макеті қойылып, түкті кілем төселіп, оюланған көрпе - жастық жиналып, қазақылықтың сән - салтанатын арттырды. Сахна төріне қолдан жасалған көпір макеті мен шарбақ, орындықтар т. б. иллюстрациялар әдеби шығармадағы баяндалатын оқиғалар мен кейіпкерлерді визуализациялауға, кітапта сипатталған оқиғаны бейнелеуге зор септігін тигізді. Композициялық әдеби кеш М. Шаханов шығармаларының ішінен «Ел тілегінің күші» , «Шың басындағы оқиға», «Ғашықтық ғаламаты» балладаларына қойылды. Сонымен қатар, ақын өлеңдеріне жазылған әндер шырқалып, кешіміздің арайын аша түсті. Кеш қонақтарына, көрермендерге рухани байлық - адам қажеттілігін өтейтін теңдесі жоқ құндылықтар сыйлаған әдеби - сазды кешімізде ақынның отты жырларын мәнерлеп оқыған поэзия сүйетін ақынжанды ұстаздарымыз бен нәзік әндерін жүректің қылын шерте жеткізге орындаған әнші ұстаздарымыз көрермен көзайымына ие болды. Кеш соңы ақынның сөзіне жазылған «Арыс жағасында» әнін қатысушылардың хормен орындауында қорытындыланды. Кешіміздің қонақтары қалалық білім бөлімінің мамандары, мектеп кітапханашылары және "Отбасы хрестоматиясы" жобасының өкілдері мектеп ұжымына шынайы алғыс айтып, осындай рухани кештердің тәрбиелік, тағылымдық мәнін ерекше атап айтып. өз алғыстарын білдірді. Кешіміздің қадірлі қонағы болған, кітап жанашыры, көркем әдебиетті насихаттаушы «Отбасы хрестоматиясы» жобасының өкілі Серік мырзаның пікірін жариялағанды жөн көріп отырмын. «Бұл кеш - жай ғана шара емес, нағыз рухани - сезімдік тербеліс, шынайы шығармашылық мереке болды. Оны сөзбен жеткізу қиын - тек өз көзіңмен көру керек! Мектеп директоры Кушкарбеков Ералы ағайдың бастамасымен, орынбасарлар мен барлық пән мұғалімдері түгел атсалысып, өз өнерлерімен тәнті етті. Бұл кеште ешкім шет қалмады, барлығы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұжымдық үйлесімділіктің үлгісін көрсетті. Әдетте мектеп сахнасында оқушылардың өнерін тамашалап үйреніп қалған біз, бұл жолы ұстаздардың актерлік шеберлігіне, поэзияға деген сүйіспеншілігіне сүйсіндік. Мұхтар Шахановтың балладаларынан қойылған әсерлі сахналық қойылымдар, жүрек тербер жырлар - кеш көрерменін ерекше әсерге бөледі. Осы шараны ұйымдастырған мектеп әкімшілігі мен кітапханашылары Аягөз бен Гүлжазира апайларға алғыс айтамыз» Ұсыныс: Келген қонақтар бұл кешке жоғары баға беріп, тіпті Арыс мектебінің шығармашылық кешін қалалық мәдениет сарайында өткізуге ұсыныс білдірді. Осындай тәлім - тәрбиесі мол іс - шараның жоғары дәрежеде өтуіне себепші болған мектеп әкімшілігіне айтар алғысымыз шексіз және жалғасын табады деген сенім білдіреміз.