Арыс қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» көммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көркем әдебиетті оқырмандарға насихаттау барысында 9-сыныптар арасында сайыс сабақ өтілді.
Тақырыбы: «Оқуға қызығушылықты арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер»
Ұйымдастырушылар: кітапханашылар: А. Пердебекова,Г.Каблашова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Г. Сыранова
Мақсаты: Кітапқа деген қызығушылығын ояту және жарнамалау, кинотрейлерге тән көрнекі құралдарды пайдаланып, кітаптарға назар аудара отырып, оқуды насихаттау. Буктрейлер арқылы кітап оқуға қызығушылығы жоқ оқушыға керемет авторлармен, қызықты және сапалы кітаптармен таныстыру. Заман талабына сай мультимедиалық құралдардың дамуы кітапханашылардың оқырмандарды кітап оқуға тарту тәсілін өзгерту. Визуалды мәдениет құралдарын пайдалану, кітап пен оқуды ілгерілету;
Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
І кезең «Жарнама» әдісі арқылы топтық жұмыс жасап көркем әдебиетті жарнамалау;
ІІ кезең «Рандом» әдісі арқылы сұраққа жауап беру;
ІІІ кезең «Күлдіргі магнит» әдісі топ басшылары шығарма бойынша мақал - мәтелдер айтып сайысса, ІҮ кезеңде «Wordwall» платформасы арқылы сәйкестендіру тестін орындады.
Қорытынды: Әділ-қазылар алқасының шешіміне сәйкес топтар мынадай орындармен марапатталды.
І орын 9 «Ә» сынып «Құлагер» тобы
ІІ орын 9 «А» сынып «Шұға» тобы
ІІІ орын 9 «Б» сынып «Ұлпан» тобы иеленді.
Ұлттық құндылығымызды құрметтей білетін,сал-дәстүрімізді бағалайтын саналы ұрпағымыз көбейе берсін!