Арыс қаласы Білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2024 жылдың 16 қаңтар күні Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің мамандары Шынжігіт Жасұлан мен Каликулов Нұржан осы университеттің бакалавриат білім беру бағдарламасы, магистратура білім беру бағдарламасы, гранттар, мамандықтар, конкурс, әскери кафедра туралы 11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмысын жүргізіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ жанындағы Ж. Аймаутұлы колледжі негізгі орта білім беру (9 сынып) және жалпы орта білім беру (11 сынып) базаларында бітірушілерді 2024-2025 оқу жылына, грант және ақылы негізде күндізгі оқуға құжаттарды 2024 жылдың 25 маусымынан 25 тамызға дейін қабылдайды. Колледж түлектері 1 жыл 10 айға Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да бакалавр дәрежесін алу мүмкіндігіне ие. Оқу мерзімі 9 сынып үшін 3 жыл 10 ай, 11 сынып үшін 2 жыл 10 ай.
www.okmpu.edu.kz