"Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДОІЖО К. Турегельдиеваның ұйымдастыруымен "Язык-символ нации, language-symbol of nation" атты орыс тілі мен ағылшын тілі онкүндігінде 7 "Б" сыныбына орыс тілі пәнінен Тоқтар Айбек ашық сабақ өткізді.
Оқу мақсаты:
7.1.1.1 — 3-5 минуттық хабарламаны тыңдап, қажетті ақпаратты алу және оқиғалардың ретін анықтау;
7.2.2.1 — мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндау, әртүрлі қысқарту әдістерін пайдалана отырып.
Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушыларды түгелдеп, үй тапсырмасын сұрады. Жилин мен Костылиннің мозаикасы арқылы екі топқа бөлді. Оқушылардың ойын қозғау мақсатында «Коробочка вопросов» әдісі арқылы сұрақтарды оқушылар кезектесіп алып, жауап берді.
Л.Н. Толстойдың «Кавказский пленник» әңгімесі бойынша топтық жұмыс ұйымдастырылды. Бірінші топқа «Кинолента» әдісі арқылы суреттерді ретімен қойып, қысқаша әңгімеледі. Екінші топ «Двойной пузырь» әдісі арқылы басты кейіпкерлердің қасиеттерін және ортақ ұқсастықтарын жазып, айтып берді. Саралау тапсырмалары беріліп, оқушылар жеке тапсырмалармен жұмыс жасады. Сабақта әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, мұғалім мен оқушылар тарапынан бағалау дер кезінде жүргізілді, кері байланыс берілді. Сабақ мақсатына жетті.